Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты.

Қазақстандық жасөспірімдері D тобындағы кезекті кездесуін Тайбэй құрамасымен өткізді. Заңғар Нұрланұлы Ванг Чунды 6:2, 6:2 есебімен, Әмір Омарханов Жу Фенгті 6:4, 6:0 есебімен ұтты.

Фото: ktf.kz

Сондай-ақ жұптық кездесуде Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Осылайша 3:0 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.


Оқи отырыңыз: 14 мамырда Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі


Ширек финал жеребесі 10 мамыр күні кешкі уақытта тартылады.

Фото: ktf.kz

Еске салсақ теннистен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдері құрамасының Жаңа Зеландияны ұтқаны туралы хабарлаған едік.