Шымкент қаласында Belline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Билли Джин Кинг кубогы (командалық әлем чемпионаты) Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Азия мен Тынық мұхит аймағы бойынша 16 команда финалдық кезеңге берілетін жолдаманы сарапқа салуда.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы D тобына Қытай, Таиланд, Филиппин командаларымен бірге түсті.

Жарыстың алғашқы күні Ярослава Шведованың шәкірттері филиппиндіктерді 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Алдымен Еркежан Жаңатаева Джейденге еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0, 6:0. Оның бастамасын Ева Корышева жалғап, Диазды 6:0, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Жұптық сында Еркежан мен Ева Джейден – Францискуды оңай жеңді – 6:1, 6:2.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайда үш ұпайдан бар. Қытайлықтар Таиланд құрамасын тізе бүктірді – 3:0. 

13 мамыр қазақстандықтар Таиландпен кортқа шығады. 


Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған əсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!                                                            

Əр сағат сайын A’SU ішіңіз!