Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы азаматшаны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті "жақсы таныстарына" сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға жәнеоны жеңіп алуға уәде берген.

"Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде С.есімді азаматшаның қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Оқи отырыңыз: “Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін”: Шымкентте төрт тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды