Теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімі қысқа дейін ұзартылды
Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға болады.
Теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімі қысқа дейін ұзарды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жеті бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Билеттер саны шектеулі, делінген хабарламада.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:
- № 9/10 "Астана – Алматы", вагон түрі: отыратын, жеңілдік: 40% — пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;
- № 65/66 "Астана – Жезқазған", вагон түрі: туристік, купелік орындарға 25% жеңілдік;
- № 67/68 "Астана – Өскемен", вагон түрі: туристік, жеңілдік: 30% — үстіңгі сөрелерге;
- № 77/78 "Алматы – Маңғыстау", вагон түрі: купе, үстіңгі орындарға 25% жеңілдік;
- № 351/352 "Алматы – Өскемен", вагон түрі: купе, жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;
- № 691/692 "Атырау – Ақтөбе", вагон түрі: купе, үстіңгі орындарға 20% жеңілдік.
Күн сайын қатынайтын пойыз № 11/12 "Алматы – Шымкент", вагон түрі: туристік, купелік орындарға 25% жеңілдік.