Құтқарушылар дүкенде газ жарылған жерде жұмысты жалғастыруда. Теміртауда дүкен қирандыларының астынан қаза тапқан әйелдің мәйіті шығарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Таңғы сағат 9.49-да үйінді астынан әйелдің мәйіті шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады", – деп жазылған хабарламада.

Сағат 10.25-те өрт оқиға орнында сөндірілді.

Таңғы сағат 8.06-да Ватутина көшесіндегі дүкенде газ жарылған. Үйінді астынан әйел шығарылып, ол үйінді астында ер адамның қалғанын хабарлады.


Оқи отырыңыз: Теміртауда газ жарылысынан дүкен ғимараты құлады: адамдар үйінді астынан шығарылуда