Темекіден түтінсіз түріне ауысу адамның ауыз қуысына қалай әсер етеді
"Қазақстан стоматологтарының сарапшылық қоғамдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ғалымдары дәстүрлі темекінің және одан қыздырылатын темекі өнімдеріне ауысудың тіс пен қызыл иекке әсерін анықтауға арналған клиникалық зерттеуді аяқтады, деп хабарлады қауымдастықтың баспасөз қызметі.
Зерттеу нәтижесінде түтінсіз баламаға ауысқан қатысушыларда алты айдан кейін негізгі көрсеткіштер бойынша клиникалық маңызы бар жақсарулар тіркелген.
"Темекі шегуден қыздырылатын темекіге ауысқандарда 6-8 айдан кейін ауыз қуысының жағдайы жақсара бастады", – деді "Қазақстан стоматологтарының сарапшылық қоғамдастығы" РҚБ президенті, стоматолог дәрігер, PhD Мейрам Раганин.
Мейрам Раганиннің жетекшілігімен жүргізілген Жобаға (Астана Алматы, Шымкент және Өскемен қалаларынан) 35-44 жас аралығындағы 80 адам қатысқан. Олардың бәрі кемінде үш жыл темекі шеккендер.
Қатысушылар 40 адамнан тұратын екі топқа бөлінді: біреуі темекі шегуді жалғастырып, екінші топ темекіден бас тартып, қыздырылатын темекіні қолдануға көшті. Зерттеу ашық түрде, клиникалық бақылау ретінде жүргізілді.
Мейрам Раганиннің түсіндіруінше, өзгерістерді бағалау үшін мамандар төрт индикаторды қолданған. КПЖ индексі кариеспен зақымданған, пломбаланған және жұлынған тістердің болуын көрсетсе, PMA (РМА) индексі қызылиек қабынуының дәрежесін көрсететін пародонттың жағдайын анықтады. Шырышты қабық жағындыларының цитологиялық талдауы жасушалық деңгейдегі өзгерістерді, соның ішінде гиперкератозды (қатерлі ісік алдындағы жасушаларды) анықтады. Ал автофлуоресцентті стоматоскопия шырышты қабықтың жағдайын көрсетті: сау аймақтар жасыл түспен, қабынғандар қызылмен жарқырады, ал күңгірт дақтар қатерлі ісік алдындағы өзгерістерді көрсетті.
Алты айдан кейін екі топтың нәтижелері салыстырылып, айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Темекі шегушілерде осы кезең ішінде жаңа кариес қуыстары пайда болып, қызылиек қабынуы күшейді (КПЖ индексінің өсуі және РМА-ның төмендеуі); цитологиялық зерттеу гиперкератоздың өршуін көрсетті, ал флюоресцентті диагностикада "сау" жасыл жарқырау аймағының қысқарып, шырышты қабықтағы қызыл мен күңгірт дақтар санының артқаны байқалды.
Қыздырылатын темекіге ауысқандарда керісінше, жарты жылдан кейін жаңа кариестік зақымданулар анықталмады (КПЖ өзгеріссіз қалды), қызыл иек қабынуы азайды, жасушалық талдауларда гиперкератоз жоғалды және флюоресцентті тексеру кезінде шырышты қабықтағы патологиялық ошақтар іс жүзінде жойылды.
Бұл қорытындылар әлемдік деңгейдегі соңғы деректермен сәйкес келеді: балама өнімдердің ағзағы зияны дәстүрлі темекіге қарағанда аздау екенін көрсетеді. Темекіден бас тартқан қатысушылар субъективті жақсаруларды да атап өтті – ауыздан шыққан жағымсыз иіс жоғалды, ентігу мен жөтел азайды. Жаңа өнімді екі апта қолданғаннан кейін темекіге деген құмарлық басылды.
"Дәстүрлі темекідегі ең зияндысы – ол темекідегі жану процесінің өнімдері. Олар ағзаға никотинге қарағанда әлдеқайда көп зиян тигізеді", – деді Мейрам Раганин.
Зерттеу қорытындылары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған зиянды азайту тәсілінің тиімділігін растайды.