"Тіл-қазына" ұлттық орталығы жақында ғана қосылған қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын @kztts_bot жобасына жаңа функция енгізді. Бұл туралы орталықтың бас директоры Мақпал Жұмабай әлеуметтік парақшасына жариялады.

Енді telegram-бот арқылы кез келген мәтінді дыбыстап қана қоймай, оны жылдам арада түрлі әлеуметтік желілерге жолдауға болады.

Фото: Мақпал Жұмабайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

"Сондай-ақ, көлемді мәтіндердің аудиосын бірнеше секунд ішінде шығару мүмкіндігі қосылды. Яғни боттың жұмыс істеу жылдамдығы күшейді. Жобамыздағы дауыс иелері Айгүл мен Дәулеттің сөйлеу мәнері - ерекше, сазды, мәнерлі. Тіпті бір қолданушымыз 100 беттік жаңадан шығатын лирикаға толы жинағын боттың көмегімен аудиожинаққа аударып үлгерді. Былайша айтқанда, дайын дикторға мәтіндеріңізді тегін дыбыстатып ала аласыздар", – деді Мақпал Жұмабай.