21-22 мамырда Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында халықаралық GSMA M360 Eurasia 2025 конференциясы өтеді. Шараны Өзбекстан республикасының Цифрлық технологиялар министрлігі мен GSMA бірлесіп ұйымдастырып отыр. 

Екі күндік конференция генеративті жасанды интеллект, 5G, мобильді құрылғылар экожүйесі және салааралық инновациялар бойынша сессияларды қамтиды. Оның аясында Қазақстаннан Qazqode басшысы Алексей Шаравар, Әзербайжаннан Azercell басшысы Зарина Зейналова және Өзбекстаннан Perfectum басшысы Дмитрий Шуков және басқа спикерлер сөз сөйлейді. 

Жеке сессиялар тұрақты және қауіпсіз байланысты қамтамасыз етуге арналған мәліметтердің өңдеу орталықтарының рөліне, сондай-ақ өңірде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге негіз болатын жаңа цифрлық шешімдер мен серіктестіктерге арналады. 

M360 Eurasia 2025 конференциясына конференция сайтында тіркелуге болады. 

Айта кетейік, GSMA M360 конференциялары жыл сайын түрлі елдегі цифрлық саланың көшбасшыларының басын қосады. 


Оқи отырыңыз: 5G мобильді интернет байланысы. Бұл қандай технология және ол әлем дамуына қалай ықпал етеді