Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Өзбекстан – 2030" стратегиялық бағдарламасын бекітті. Оған сәйкес, ел астанасында "Автомобильсіз күн" шарасы ұйымдастырылады. 

Бұл бастаманы қоғамның белсенді өкілдері ұсынып, оны мемлекет басшысы қолдаған. Оның аясында биылғы 1 наурыздан бастап әр айдың бір жұмыс күнінде қала ішінде жеке автокөлікпен жүру шектеледі. Рұқсат тек қоғамдық транспорттар мен арнайы және шұғыл қызметтердің көліктеріне беріледі. 

"Автомобильсіз күн" шарасы ұйымдастырылған күні республикалық және атқарушы биліктің барлық басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап, тұрғындарға үлгі көрсетуі тиіс. 

Бұл шара автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту мақсатында қолға алынып отыр. Алайда, шара айдың қай күнінде ұйымдастырылатыны стратегияда нақтыланбаған. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады