Тараздағы жарылыстан қираған Жібек жолы ауылындағы жалғыз мектептің орнына 150 орындық модульдік мектеп салынады
Әзірге бүгіннен бастап оқушылар көрші Жаңатұрмыс ауылындағы мектепке қатынап оқиды.Жамбыл облысындағы жарылыстың кесірінен Жібек жолы ауылындағы 120 бала оқитын мектеп жарамсыз күйге түскен. Енді білім ордасының оқушылары көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұл – Жібек жолы ауылындағы жалғыз мектеп. Жарылыс кезінде білім ордасының қабырғалары қақыраған. Төбесі опырылып түсуге шақ тұрған мектепті мамандар апатты деп таным, оқушылардың мектеп ішінде білім алуына тыйым салған. Соған байланысты енді ауыл оқушылары Жаңатұрмыс ауылындағы мектепке қатынап оқиды.
Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмилә Бекбатырованың айтуынша, Жібек жолы ауылында 150 оқушыға арналған жаңа модульдік мектеп салу жоспарланып отыр.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: