Танымал сазгер Арман Дүйсенов дүние салды. Бұл туралы әнші Индира Елемес Instagram парақшасында жазды. Ақпаратты Qazaqstan телеарнасы растады. 

Арман Дүйсенов. Фото: Индира Елеместің Instagam парақшасынан алынды

"Арман ағау. Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын!"  – деп жазды әнші. 

Индира Елеместің ресми өкілі сазгердің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады. 

Сазгер, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған.