"Біздің сүйікті дәрігер" фильмінде ойнаған актер Юрий Померанцев қайтыс болды. Бұл туралы журналист Лека Савельева хабарлады.

Актер 99 жаста еді.

Юрий Померанцев – актер, режиссер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығы мен "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты, "Отан" жоғары орденінің кавалері, Қазақстанның Еңбек ері.

Сондай-ақ, ол әлемдегі алғашқы балалар театрының негізін қалаушылардың бірі.

Актер 1923 жылы 11 ақпанда Киев қаласында дүниеге келген.