Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылмады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Адам зорлады деген айыппен қамалған азаматтың қатаң күзеті бар жерден қалай қашып кеткені белгісіз. Енді оның жазасы ауырлап, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицияның мәліметінше, күдіктіні ұстау үшін "сирена" жоспары енгізілген. Қалаға кірер жолдарға блок-бектеттер қойылып, көліктер тексерілді. Қазір мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс басталды.

"Қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды. Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Меруерт Морякова.