Жетісу облыстық мәслихатының шешімімен Талдықорғанда білім алатын мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығы беріледі. Шешім жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқы үшін жарияланды. 

"Талдықорған қаласының орта білім беру ұйымдарының бірінші және он бірінші сыныптарды қоса алғандағы оқушыларына, Талдықорған қаласының колледждерінің күндізгі оқу нысанындағы студенттері Талдықорған қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүруді электронды дербестендірілген жол жүру құжаттары арқылы қамтамасыз етілсін" делінген шешімнің жобасында. 

Құжат жобасын талқылауға 16 шілдеге дейін қатысуға болады. 


Оқи отырыңыз: Алматыда жолақы 120 теңгеге дейін қымбаттайды