Таиландтың экс-премьер-министрінің қызы Үкіметті басқарады
Оның кандидатурасына 319 депутат дауыс бердіТаиландтың бұрынғы премьер-министрі Таксин Чинаваттың қызы, 37 жастағы Пхетхонгтхан Чинават Таиланд Үкіметін басқаратын ең жас саясаткер және премьер-министр қызметін атқаратын екінші әйел болды.
Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Оның кандидатурасына 319 депутат дауыс берді, 145-і қарсы болды, тағы 27 депутат қалыс қалды.
Бұрынғы премьер-министр Сетту Тхависинхты конституциялық сот этика кодексін бұзғаны үшін қызметінен кеткен болатын.