Таиландқа демалуға барған Қазақстан азаматы суға батып кетті
Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге мөртаңба алған.Таиландқа барған Қазақстан азаматы демалыстың бірінші күні қайтыс болды. Ол Пхукет аралында суға батып кетті.
Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады.
"Пхукет жаңалықтары" сайтының жазуына қарағанда, оқыс оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған. Пхукетке ұшып келе салысымен бірден шомылмақ болған 57 жастағы Қазақстан азаматы суға батып кеткен.
"Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14.20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақүй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге мөртаңба алған. Бірақ, бір күн қонбастан мерт болды", – деп жазады "Пхукет жаңалықтары".