Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді
Қазақстанға 61 рейс орындалды.
Таяу Шығыс елдерінде жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Рейстер Air Astana, SCAT Airlines, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары арқылы жүзеге асырылды.
"Ұшақтар Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан ұшып, Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына қонған", – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және отандық әрі шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.