Тағы бір Қазақстан азаматы ғарышты бағындыруы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қазір төртінші ғарышкерді ұшыру үшін тиісті мемлекеттермен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді.

"Біздің елде ғарышкерлерді дайындайтын оқу орны жоқ. Сол себепті нақты шешім шықса, белгіленген адам ғарышқа АҚШ немесе Ресейдің арнайы бағдарламасы арқылы ұша алады. Әзірге нақты кімнің аттанатыны жайлы ақпарат жоқ", – деді Баубек Оралмағамбетов.

Айта кетейік, Қазақстанда ғарыштық бес бағдарлама бар. Ал ғалымдар алтыншы бағдарламаны жасап жатыр.