Таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды мемлекет басшысы құттықтады
Бейбарыс Қабылан таеквондодан Найробиде өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті.
Бейбарыс Қабылан 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді.
Бейбарыс Қабыланды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
"Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін", – делінген президент құттықтауында.