Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне 900 журналист хабар таратып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

"Шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі және қазақстандық БАҚ-тың 200 өкілі бар", – делінген хабарламада.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Саммит барысында журналистердің жұмысы үшін бірінші және екінші қабаттан үш зал бөлінді. 

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет: Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрды. Кейінірек одаққа Иран, Үндістан және Пәкістан қосылды. Бүгін, 4 шілдеде Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде Беларусь ұйымға ресми түрде қосылды.