FlyArystan әуе компаниясы Шымкент қаласынан Үндістан астанасы – Делиге жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр.

"Жолаушыларымызды жаңа бағыттармен қуантуды жалғастырып, Шымкент - Дели - Шымкент жаңа бағыты бойынша сатылымдардың ашылғанын қуана хабарлаймыз", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Рейстер 22 мамырдан бастап орындалады. Ұшу күндері: дүйсенбі және бейсенбі. 

Билет құны 24 209 теңгеден басталады.

"FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді. Бір бағыттағы билет құны, ұшақ бортында кездейсоқ орынды және 5 кг қолжүгінің 1 бірлігін (56*23*36) қамтиды. Халықаралық рейстерге тарифтің құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін. Қызмет ақысы қосымша алынады", – делінген компания хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: "Гамарджоба, генацвале". Грузияның бейресми астанасы – Кутаиси қонақтары тамашалауы тиіс 7 көрікті жер