Шымкентте "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтуде
"Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс" жобасы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге Amanat партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ж. Бектаева Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев, "САМИ" ЖШС-нің бас директоры – Сәкен Жамашев, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.
"Таза Қазақстан" республикалық экоакциясы "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды. Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға "Экология, өлкетану және туризм орталығы" мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.
Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.