Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 Telegram-канал бұғатталды
Олар әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында анықталды.Шымкентте есірткі жарнамалайтын Telegram-каналдар бұғатталды, деп хабарлайды қалалық Прокуратура.
Прокуратураның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын Telegram-каналдары анықталды.
"Атқарылған жұмыс нәтижесінде, "Кибернадзор" жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 Telegram-канал бұғатталды. Сонымен қатар қала прокуратурасымен бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.