Шымкенттегі базарда "тірі тауар" – арыстанның абданын сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды полиция.

Жедел уәкіл қызметкерлері жануарды Түркістан облысының тұрғынының көлігіндегі жүк салғыштан тапқан. 

"Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді", – делінген полиция хабарламасында. 

Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.