Шымкент әуежайында капсулалы қонақүй ашылды. Капсуланы жалдау құны қанша
Шымкент қаласының халықаралық әуежайының жаңа А терминалында капсула қонақүй ашылды. Sleep Mode Hotel аталатын қонақүй 10 бір адамдық жатын орыннан тұрады. Сондай-ақ, қабылдау аймағы мен күту залы, жүк сақтау орны, душ кабинасы да бар.
Капсулалар кондиционер жүйесімен, гигиеналық құралдармен жабдықталған. Оған қоса, жоғары сапалы интернет те бар.
Бір адамдық капсуланы жалдау құны – 12 мың теңге.
"Шымкент әуежайындағы капсула қонақүйі – транзиттік жолаушылар, саяхатшылар мен іскер адамдар үшін жайлы жағдайда демалып, күш жинауға арналған заманауи шешім. Әуежайдың А терминалы 2024 жылдың соңында пайдалануға беріліп, еліміздің оңтүстігіндегі әуе хабының жаңғыртылуындағы басты кезеңдердің бірі болды. Жаңа терминал әуежайдың өткізу қабілетін және қызмет көрсету деңгейін айтарлықтай арттырды, бұл оны әуе компаниялар мен жолаушылар үшін тартымды етті. Sleep Mode Hotel әуежай инфрақұрылымын толықтыра отырып, жолаушыларға жайлы болуға жаңа мүмкіндік береді және Шымкенттің заманауи халықаралық әуе тасымалдау орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады", – делінген Шымкент қаласының халықаралық әуежайының хабарламасында.