Шымбұлақта құрақ көрпе түріндегі жаңа мурал салынды
Бүгін Шымбұлақ шыңында – теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктікте Әділ Әубәкіровтың БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған ірі көлемді муралы таныстырылды.
Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымына арналған, әлемдегі ең ірі биік таулы мурал. Ол Ұйымның 80 жылдығы жылында жасалды.
Әділ Әубәкіровтың көркем тілі дәстүрлі бейнелік жүйеге мұқият назарды биология мен анимализмге қызығушылықпен ұштастырады: палеолит дәуірінің петроглифтерінен және "жануарлар стилінен" бастап заманауи урбанистік графикаға дейін. Сызық пен түс – адам мен табиғаттың үйлесім тапқан әлемдері мен экожүйелерінің тоғысуы; ал айтыс рухына жақын импровизация композицияға ішкі динамика береді. БҰҰ-ның 80 жылдығында Шымбұлақтағы мурал өнер, табиғат және қоғамды бір кеңістікке тоғыстырып, бейбітшілік, адами қадір-қасиет және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік туралы бейнелейтін визуалды манифест ретінде жаңғырады.
"Бұл мурал БҰҰ-ның тапсырысы емес, ол – қоғамның өзінен, жеке сектордың бастамасынан және жергілікті әріптестердің қолдауынан туды. Дәл осы – Тұрақты даму мақсаттарының мәні. Мұнда, Шымбұлақта, ол сөз жүрмеген жерде өнер сөйлейтінін еске салады. Сондай-ақ, әрқайсымызды инновациялар адамдарға қызмет ететін, табиғат қорғалатын және ешкімнің ескерусіз қалмайтын әлем құруға шақырады", – деді БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек.
Шараға қоғамдық ұйымдар, мәдениет пен академиялық қауымдастық дипломатиялық корпус және БАҚ өкілдері қатысты. Қонақтар жобаның тұжырымдамасымен және жасалу тарихымен танысып, одан соң курорт мамандары биік таулы жағдайларда жұмысты жүзеге асыру үшін қолданылған мекен ерекшеліктері мен техникалық шешімдерге назар аударған шолу өткізді.
"Құрақ көрпеде әрбір бөлшек маңызды, әрі ортақ өрнектің ішінде өз орнын табады. Бұл бізге жақын метафора – біз де дамуымызды экологиялық жауапкершілікке, сабақтастыққа және табиғатқа құрметке сүйене отырып құрамыз. Бұл жұмыс Shymbulak курортының рухымен дәл іспеттес", – деді Chimbulak Development басқарушы директоры Нұрлан Сейітқазин.
"Мурал тұжырымдамасы көшпелілердің көрнекі және материалдық емес мұрасына сүйеніп, символдар тілін заманауи көркем формаға айналдырады. Әрбір бөлшек өз мәнін сақтайды. Оларды біріктіре отырып, мен бізді қауымдастық ететін құндылықтар туралы сыр шертемін — табиғатқа, көршіге, бейбітшілікке құрмет. Мен үшін бұл мурал – БҰҰ 80 жыл бойы қорғайтын құндылықтардың мозаикасы және болашаққа бағытталған көшпенділер көзқарасы", – деді суретші Әділ Әубәкіров.