Шымбұлақта аспалы жолдар 2 маусымға дейін жабық болады
Ертең курортқа баратын көлік жолы да жабылады.
"Шымбұлақ" базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Шымбұлақ" тау курортының баспасөз қызметі.
"Медеу–Шымбұлақ", "Комби-1" және "Комби-2" арқан жолдары профилактикалық қызмет көрсетуге байланысты 2 маусымға дейін жабық. Бұдан бөлек, ертең базалық станциясында орналасқан ашық арқан-кресло жолы жұмыс істемейді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ертең, 24 мамыр күні таңғы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін курортқа баратын көлік жолы да жабылады.