Не болады. Бүкіл әлемде танымал morning rave форматына шабыттанған, би мен музыкаға толы тегін таңғы іс-шаралар сериясы.

Қайда. "Шымбұлақ" курортының базалық станциясы.

Қашан. 31 шілде, 7 және 14 тамыз күндері, сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін.

Қосымша ақпарат: Бағдарламада:

  • Аспан астындағы DJ-сеттер;
  • Би (зумба, бачата);
  • Серіктес кофеханалардан арнайы ұсыныс бойынша кофе;
  • Фотоаймақтар.

"Shymba Morning Rave" – "Шымбұлақтың" қалалық лайфстайл-туризмді дамытуға бағытталған жаңа стратегиясының бір бөлігі. Біз тауларды заманауи мәдениет, қарым-қатынас және күнді қуатпен бастаудың алаңына айналдырып жатырмыз. Бұл – Алматы қаласының мәдени ұсынысына және таңғы энергиясын қайта жандандыруға қосқан үлесіміз", – деді ұйымдастырушылар.