Шымбұлақ жазғы форматқа көшеді: Аспалы жолдар қай күнге дейін жұмыс істейді
Жазда курорт жаңа форматта ашылады.
"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында қысқы маусым аяқталды, деп хабарлады кешеннің баспасөз қызметі.
Курортқа апаратын аспалы жолдар 11 мамырға дейін жұмыс істейді. Ал 12-31 мамыр аралығында жоспарлы техникалық жөндеуге жабылады.
Курорт әкімшілігі жазда "Шымбұлақ" жаяу серуен, хайкинг үшін жаңа форматта: ашылатынын мәлімдеді.
Алайда жазғы маусымның нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.