Шымбұлақ шаңғы курортында қар жауды
Ал Алматының өзінде ауа температурасы 12 градус жылы.Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар жауды. Бұл соңғы айда жауған екінші қар.
"Міне, бүгін біз Шымбұлаққа келіп терезенің сыртынан көрген көрінісіміз! Аппақ, үлкен қарлар, дәл қыс мезгіліндегідей өте әдемі. Елестетіп көріңізші, бұл соңғы айдағы екінші қар", – делінген курорттың Instagram желісіндегі ресми аккаунтында.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қардың жапалақтауы жауып тұрғаны көрініс тапқан. Ал Алматы қаласындағы ауа температурасы 12 градус шамасында.