Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2024 жылы иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларына чип салуға 2 050 000 теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 1990 үй жануарына микрочип салу жоспарлануда. Бұл туралы yk-news.kz жазды.

Чиптер тегін сәйкестендіру қызметтеріне сұраныс негізінде аймақтар арасында таратылады. Мәселен, Өскеменде 1200, басқа қалалар мен аудандарда 50-ден 110-ға дейін үй жануарларына чип салынбақ.

"Сұраныс негізінен үлкен елді мекендерде бар", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматылықтар үй жануарын 1 қарашадан бастап тегін чиптей алады. Ол үшін қайда жүгінеді?


Айта кетейік, 2023 жылы облыста 1290 үй жануарларына жеңілдікпен микрочип салынған. Бұл мемлекетке 1 329 000 теңге шығын әкелді. Бір процедураның орташа құны – 1030 теңге.