Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды. Фабрика қауіпсіздік пен әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына басымдық береді. Бұл туралы "ВСАМ Продакшн" ЖШС өкілдері  хабарлады.

"Біз фабриканы іске қосуға қажетті барлық рұқсаттарды алдық және бүгіннен бастап толық көлемде жұмыс істей бастаймыз", – деді кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Мақатаев.

Фабрика басшылығының өкілі компанияның барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жергілікті халық алдында уәде етілген әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайтынын атап өтті.