Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында суға батып кеткен екі адамның денесі табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

"Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 18 жастағы жігіт суға батып кетті, оған 34 және 33 жастағы екі адам көмекке жүгірді, бірақ ағымды жеңе алмай суға батып кетті", – делінген хабарламада.

Құтқарушылар екі адамның денесін тапты, үшіншісі іздестіріліп жатыр. 

Іздеуге барлығы 176 адам, 15 жүзу құралы мен су астындағы дрон тартылды.