Шығыс Қазақстан облысында 52 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлігін алды. Бұл туралы рolisia.kz хабарлады.

Жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері көмектескен. Өтініші бойынша жеке басын анықтайтын төлқұжат тұрғынға табысталды.

"1970 жылы Өскемен қаласында дүниеге келдім. Ата-анам Қазақстан Республикасының азаматтары болды. Отбасылық жағдайыма байланысты құжат алуға мүмкіндік болмады" – деді тұрғын.