Алматы халықаралық әуежайы әуежайында SWISS International Air Lines әуе компаниясына тиесілі Airbus A350 ұшағы шұғыл қону жасады, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамыр күні сағат 12:48-де "Сеул – Цюрих" бағыты бойынша ұшып келе жатқан әуе кемесі Алматыға мәжбүрлі түрде қонған.  Бұған екінші ұшқыштың денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.

"Дәрігерлер оның жағдайын "жедел абдоминалдық синдром" күдігімен бағалаған. Ұшақ қонған сәтте әуежайда медициналық қызмет дайын тұрған. Мамандар ұшқышқа алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Науқас әрі қарай тексеру және ем алу үшін қалалық №4 ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін аталған ұшақ Қазақстан әуе кеңістігінде болған кезде төтенше жағдай сигналын (Squawk 7700) бергені туралы ақпарат тараған еді.