Бірінші кезеңде Қызылорда облысынан Сәтбаев қаласына 161 тонна суық битумды асфальт жеткізілді. Жұмыстар дүйсенбіден басталып, қала аумағындағы 30 көшенің жолдарын жөндеу қарастырылған.

Суық битумды асфальт – қиыршық тас пен тұтқыр битумнан тұратын арнайы қоспа. Ол қыста – 20°С-ге дейін және жазда кез келген температурада қолдануға жарамды, алдын ала қыздыруды, араластыруды және арнайы жабдықты қажет етпейді. Бұл жол жөндеу жұмыстарының жылдамдығын арттырып, сапасын тұрақтандырады.