Сүлейменова президентке One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысын баяндады
Президент Зүлфия Сүлейменоваға бірқатар тапсырма берді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.
Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сонымен қатар Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.
Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.