Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеуге өтініштерді қабылдауға арналған сервис іске қосылғанын хабарлды.

"Қызмет еліміздің су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлеріндегі барлық азаматтарға қолжетімді. Азаматтар енді тікелей eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы өтінімді оңай әрі ыңғайлы бере алады", – делінген министрліктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендер біржолғы өтемақыны апта соңына дейін түгел алады


Бұл қызметті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен ыңғайлылығын ескере отырып әзірледі.

Жаңа сервисті пайдалану үшін азаматтарға eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіне өтіп, сәйкес опцияны таңдау жеткілікті. 

Айта кету керек, егер өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ,  ақпарат автоматты түрде есепке алынады.