Студенттік, туристік және жұмыс визасымен қажылыққа баруға бола ма?
ҚМДБ қажылыққа бару тәртібі туралы түсініктеме берді.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа тек қажылық визасы арқылы баруға болатынын еске салды. Қажылық визасы – заманның талабына сай әрі көпшіліктің мүддесі мен қажеттіліктеріне орай Сауд Арабия Королдігінің қойған талабы және заңы.
Діни басқарманың Ғұламалар кеңесінің шешіміне сәйкес:
- қажылыққа тек қажылық визасымен және заңды жолмен бару – міндет. Оны қолдан жасау – харам;
- Қажылық визасынсыз (туристік, студенттік, жұмыс және тағы басқа) қажылық жасау – күнә.
"Қажылық визасы Пайғамбарымыздың, сахабалардың заманында болмағанымен, бұл – заман талабына сай дербес мемлекеттердің ішкі заңы әрі мұсылмандардың мүддесі үшін қойылған талап. Сауд Арабия мемлекеті қажылықты ұйымдастыру үшін "Рұқсатсыз (визасыз) қажылық орындауға болмайды" деген арнайы заң қабылдады. Оған қатысты ережелер мен шарттарды бекітті. Осы заңға сәйкес Сауд Арабия үкіметі және өзге мемлекеттер белгілі шарттар аясында рұқсатпен ғана қажылықты орындап келеді", – делінген діни басқарманың түсіндірмесінде.
Оқи отырыңыз: Қажылық 2024: Сауд Арабиясы Қазақстанға 10 мың орын ұсынды