Студенттер шәкіртақысы 2030 жылға дейін 4 есе артады
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.Студенттердің шәкіртақысы 2030 жылға дейін 4 есе артады. Бұл туралы Үкімет кулуарында informburo.kz тілшісіне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін ЖОО студенттерінің стипендиясы 2 есеге ұлғайтылады. 2026-2030 жылдар аралығында тағы да көбейтуді жалғастырамыз. 2030 жылға дейін тағы екі есе артады", – деді Саясат Нұрбек.
Еске салайық, үкімет мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын орындау жөнінде отырыс өткізді. Онда премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс істей алмайтын министрллер мен әкімдердің өз орнын босатуын сұрады.
Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов министрлер мен әкімдерге: Қолдан келмесе, орынды босатыңыз