Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық қысқарып келеді, деп хабарлады Jusan Analytics. 

Ресми статистика бойынша, 2022 жылы ерлер мен әйелдердің жалақысындағы алшақтық орта есеппен 18,5% болды (одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 21,7%). 

"Қазір жұмыспен толық қамтылған ерлердің орташа жалақысы 299 605 теңгені құраса (өткен жылмен салыстырғанда +6.5%-ға жоғары), ал әйелдерде – 244 276 теңге (+11.0%-ға жоғары)", – дейді аға талдаушы Клара Сейдахметова. 

Инфографика: Jusan Analytics

Оқи отырыңыз: 


Оның айтуынша, Қазақстанның тек 3 өңірінде әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары: 

  • Жамбыл облысы (6,31%-ға):
  • Солтүстік Қазақстан облысы (5,91%-ға):
  • Түркістан облысы (0,45%-ға).

Ал ерлер әйелдерге қарағанда ең көбірек жалақы алатын өңірлер келесілер: 

  • Атырау облысы (41,08%-ға);
  • Маңғыстау облысы (37,07%-ға);
  • Қарағанды облысы (29,9%-ға) жоғары. 

"Білім саласында ғана әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары. Айырмашылық – 5.68%-ды құрайды", – дейді Клара Сейдахметова.