2024 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында ішімдікпен байланысты 8920 адам және темекімен байланысты 416 адам ереже бұзды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады. Мұнымен қатар, полиция заңсыз алкоголь тәркілеп, заң бұзғандардың ісін сотқа жіберген. 

"Мас күйде жасалатын қылмыстарды азайту мақсатында аумақтық жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлері 2024 жылдың 9 айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабымен көзделген 8920 әкімшілік құқық бұзушылықты ("алкогольдік ішімдіктерді қоғамдық орындарда ішу") және ҚР ӘҚБтК 441-бабымен көзделген 416 әкімшілік құқық бұзушылықты ("темекі шегу") анықтады", – делінген СҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Склероз, инсульт, маскүнемдік. Қандай науқастар Қазақстанда судья бола алмайды


Мұнымен қатар, департамент өкілдері ішімдік пен есірткі тұтынып, есепте тұрған азаматтар санын келтірді. Ішінде 151 адам мәжбүрлі түлде емделуге жіберілген. 

"Ішімдікке салынған тұлға" санаты бойынша 3133 адам және "есірткі заттарын медициналық емес тұтынуға жол беретін адам" санаты бойынша 411 адам полицияда есепте тұрды. СҚО Жамбыл ауданының Благовещенка ауылындағы мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына алкоголизм мен нашақорлыққа салынған 151 адам жіберілді", – деп қосты полиция департаментінің мамандары. 


Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы екі ауылда кәсіпкерлер алкоголь сатудан бас тартып, қылмыс мүлдем азайған


Сондай-ақ, облыста заңсыз түрде алкоголь сатып алып тұтынғандар бар. Олардың ісі сотқа жіберіліп, сот 601 талап шығарған. 

"Мәселен, 2024 жылдың 9 айында алкоголь өнімін сату бойынша талаптарды бұзудың 87 фактісі (ҚР ӘҚБтК 200-бабы), заңсыз алкоголь саудасының 159 фактісі (ҚР ӘҚБтК 463-бабы) анықталды, сондай-ақ заңсыз айналымнан 5387,3 литр алкоголь тәркіленді. Соттар 601 ерекше талап шығарып, тұрмыста спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалануға тыйым салды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.