Корея халық демократиялық республикасы Оңтүстік Кореямен ат құйрығын түбегейлі кесті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Екі ортада көлік және теміржол қатынастары толығымен үзілді.

Барыс-келісті сап тиған шешімді Солтүстік Корея шығарған. Қазір аталған елдің оңтүстік шекарасының шығыс және батыс аймақтарында құрлық жолдары толық жабылды.

Мұндай жағдайды ел билігі шекаралық аумақтарды Оңтүстік Кореямен жүйелі бөлу бойынша атқарылып жатқан шаралар деп түсіндірді.

Сонымен қатар шекара сызығы деп саналған бірнеше провинцияларда жол учаскелері бұзылғаны мәлім болды. Тіпті Солтүстік Кореяның өкілдері бұғатталған оңтүстік шекараны "бекініске" айналдырамыз деп көршілеріне сес көрсетіп отыр.