Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Сасықкөл көлінің атауы өзгеруі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Үкіметтің тиісті қаулысында көрсетілген, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округі аумағында орналасқан Сасықкөл көлінің атауы Мәриямкөл көлі болып аталсын" делінген қаулыда.

Қаулы 22 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін көлдің атауын өзгерту туралы шешім күшіне енеді.


Оқи отырыңыз: СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер 500 мың теңге бастапқы бағамен сатылып жатыр