Солтүстік Қазақстанда қар жауып, ауа температурасы төмендейді
Оңтүстіктің кей жерлерінде, керісінше, аптап ыстық күтілуде.23-25 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
"24-25 мамырда Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, 25 мамырда орталықта жаңбыр жауады, кей күндері батыс және оңтүстік облыстарда жаңбыр қарға ұласады. Жоғары қысымды алқапта жауын-шашын тоқтауы мүмкін", – деп атап өтті синоптиктер.
Батыста, солтүстікте және солтүстік-батыста ауа температурасы таңертең +3 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Күндіз солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа температурасы +5...+13 градустан аспайды.
Оқи отырыңыз: Жаңбырлы ауа райы жалғасуда: Қазақстанда бұршақ жауып, найзағай ойнайды
Оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа жылы ауа массалары әсер етіп, күндізгі температура +20...+30 градусқа дейін көтеріледі.