Смайылов Атыраудағы апат туралы: Кінәлілер жауапқа тартылады
Апат себептерін тексеру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Оған Үкімет басшысы төрағалық етеді.Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтаудағы энергокомбинатта апатты жағдайдан автоматты қорғау жүйесі іске қосылып, қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады.
Бұл аймақтардың энергия жүйесі Батыс энергетикалық торабымен біріктірілген. Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық ақаулар анықталған жоқ. Зауыттың жұмысын қауіпсіз тоқтату үшін дер кезінде шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта зауыт басқа кәсіпорындар сияқты өз жұмысын қалпына келтіріп жатыр", – деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, елде ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Өйткені, қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді.
"Барлық мұнай өңдеу зауыттарын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай бақылауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес апаттың себептерін тексеру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазіргі таңда ең бастысы – барлық кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету", – деді Әлихан Смайылов.
Оқи отырыңыз: Токаев поручил создать комиссию по происшествию на Атырауском НПЗ и МАЭК