Смайылов: 2023 жыл соңына дейін 143 мың отбасы баспаналы болады
Бұл үшін 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте баяндады.
"Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 2029 жылға қарай барлық көздер есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Оның ішінде 2023 жылы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады", – деді премьер-министр.
Әлихан Смайыловтың баяндамасына сүйенсек, 2029 жылға қарай 1 млн отбасы баспаналы болады. Ал биылғы жылдың соңына дейін 143 мың пәтер пайдалануға беріледі.
Оқи отырыңыз: Табысы төмен қазақстандықтар қалай баспаналы бола алады?
Сонымен қатар үкімет басшысы биыл жаңа құрылыс кодексі Мәжіліске енгізілетінін еске салды.