СҚО-да Ленин мен Чапаев атындағы көшелердің атауы өзгереді
Бұл көшелерге "Болашақ", "Көктем" және "Бәйтерек" атаулары беріледі.Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Тихоокеан және Шұңқыркөл ауылдарында 5 көшенің атауын өзгерту жоспарланып отыр. Бұл көшелер Тынық мұхиты ауылдық округы әкімінің қаулысымен бектіліген.
Атап айтқанда, Тихоокеан ауылында "Пролетарская" көшесі енді "Тұран" аталатын болса, "Ленин" көшес "Болашақ"; "Октябрская" көшесі "Болашақ" аталады.
Сондай-ақ, Шұңқыркөл ауылындағы "Чапаев" көшесіне "Көктем", "Ленин" көшесіне "Бәйтерек" атауы беріледі.
Оқи отырыңыз:
- СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер 500 мың теңге бастапқы бағамен сатылып жатыр
- Солтүстік Қазақстан облысында 4 мектепке Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі