Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Ол Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер ететінін атап өтті: оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста және орталықта жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады.

"Желдің күшеюі, найзағай күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде тұман күтілед. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, батыста, Ақмоланың солтүстігінде, Қостанайда, Ақтөбенің солтүстік-батысында, шығыста, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, солтүстікте Ұлытау облысында 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі", – деді Алина Исмағұлова.


Оқи отырыңыз: "Шілдеде" неге қырық күн? Қазақ халқының ауа райы болжамдары


Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.