Шілдеде Қазақстан мен Пәкістан арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Рейс 8 шілдеден бастап қосылады.Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейс 2023 жылғы 8 шілдеден бастап аптасына 2 рет: сәрсенбі және сенбі күндері Алматы – Лахор бағыты ұшады. Ол үшін Воеіng 737 әуе кемесі қарастырылған.
"Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада.